Самат Смақов: Бүгін Ақтөбеде мейрам

news-banner7
mobile-news-top

«Ақтөбе» футбол клубының бас директоры Самат Смақов ойыншыларды тіркеуге салынған тыйымның алынып тасталуына байланысты сұбат беріп, ой бөлісті, деп жазады клбутың баспасөз қызметі.

-Қуанышымда шек жоқ! Бүгін Ақтөбеде мейрам десем артық айтқаным емес. Сондай-ақ, бұл жаңалық көктем мерекесі – Наурыз мейрамы қарсаңында жанкүйерлерге керемет сыйлық болды деп айта аламын. Осындай қиын сәтте бізге көмектескен жандардың бәріне шын жүректен алғыс айтамын.

Бізге жан-жақты қолдау көрсеткен облыс басшылығына, FIFA-мен үнемі байланыста болып, штаб-пәтерге күніне бірнеше мәрте хабарласып отырған Қазақстан футбол Федерациясына рақмет. FIFA-ға арыз жазбай, күтіп, сабыр сақтаған ойыншыларға да алғыс білдіремін. Біз үшін уайымдап, көмектесуге дайын болған адамдарға да рақмет айтамын. Маған үнемі қоңырау шалып, хабарлама жазып, көмек көрсеткісі келетін жанкүйерлер өте көп болды. Жанкүйерлердің клубқа көмектесу үшін ақша жинауға дайын болғандықтарын да мен жақсы білемін.

Бірақ бұл үлкен жұмыстың тек басы екендігін айтқым келеді. Алда бізді үлкен жұмыс күтіп тұр. Біз келісім мен құрылған кестеге сәйкес қарыздарды төлеп бастауымыз керек. Сондықтан босаңсуға уақыт жоқ. Білекті сыбана жұмыс істейтін боламыз,- дейді Самат Сымақов.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер