Әлем футболы

Роналду өз елінің «Жыл ойыншысы» атанды

news-banner7
mobile-news-top

«Реал Мадрид» командасының португалиялық шабуылшысы Криштиану Роналду өз елінің «Жыл ойыншысы» атанды.

Роналду үшін бұл атақ таңсық емес. Атақты футболшы бұған дейін өз елінің ғана емес, Еуропаның, Әлемнің үздік ойыншы атағын бірнеше мәрте жеңіп алғанын жанкүйер қауым жақсы біледі.

Биыл Португалияның үздік футболшысы атануға Роналду, Бернарду Силва және Руй Патрисиу үштігі үміткер болған. Қорытынды нәтижеде өткен жылғы «Алтын доп» иегері 65% дауыс жинап, айқын басымдылықпен жеңіске жетті.

Айта кетейік, Роналду өткен жылы «Реал Мадрид» сапында 42 гол, Португалия ұлттық құрамасында 11 гол соққан болатын.

C罗获奖

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер