Қазақстан - Франция кездесуінің бас төрешісі тағайындалды

news-banner7
mobile-news-top

Солтүстік ирландиялық төреші Кит Кеннеди жастар арасындағы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңі аясында өтетін Қазақстан мен Франция құрамалары арасында матчтың бас төрешісі болып бекітілді.

Кеннедиге көмектесетін қапталдағы төрешілер - Стивен Дональдсон мен Георгиос Аргиропулос. Ал қосалқы төреші қызметін Айан Макнабб атқарады.

Матчтың инспекторы - Петтери Кари (Финляндия).

Кездесу 23 наурыз күні «Астана Арена» стадионында өтеді. Матч Астана уақыты сағат 19:00-де басталады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер