Әлем футболы

«Манчестер Юнайтед» жазда 10 ойыншысымен қоштасуы мүмкін

«Манчестер Юнайтед» жазда 10 ойыншысымен қоштасуы мүмкін
news-banner7
mobile-news-top

Атақты ESPN спорттық телеарнасының хабарлауынша Англияның «Манчестер Юнайтед» командасын үлкен өзгеріс күтіп тұрған көрінеді. Биыл Чемпиондар лигасының 1/8 финалынан аса алмай, Премьер лигада да чемпион болу мүмкіндігінен ерте айырылған Жозе Моуриньоның командасы маусымды сәтсіз өтті деп бағалап отыр.

Олар енді жазғы тарнсфер кезінде командаға кең көлемде өзгеріс енгізбекші. Алдымен манчестерлік клубтың намысын қорғауға жарамсыз деп тапқан ойыншылармен қоштасуды көздеп отыр. Оладың саны 10 адамға жетуі мүмкін.

Жасы ұлғайған Златан Ибрагимовичтің жазда команда ауыстыратыны сөзсіз. Бұған жақында ғана мансабын аяқтайтынын жариялаған Майкл Каррикті қосыңыз. Демек, командадағы жасы ең үлкен екі футболшы биыл орындарын босатады.

Бұл екеуінен бөлек Моуриньоның көңілінен шықпай жүрген Дэйли Блинд, Люк Шоу, Крис Смоллинг, Маттео Дармиан қатары ойыншыларды сатуды көздеп отыр. Егер жазда командаға сапалы футболшылар келіп жатса, Антони Марсьяль, Хуан Мата, Андер Эррера сынды таңдаулы ойыншыларды жолға салуға да қарсы емес көрінеді клуб басшылары.

Ал Жозе командасына шақырғысы келетін ойыншылар қатарында Дэнни Роуз («Тоттенхэм»), Рафаэль Варан («Реал Мадрид»), Виллиан («Челси») қатарлы футболшылар бар.

Сонымен қатар, португалиялық маман Скотт Мактомини, Маркус Рэшфорд сынды жастарға көптеп сенім артуды жөн санайтын секілді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер