Хоккей

Найджел Доус Астанадан кетті

news-banner7
mobile-news-top

Бүгін «Барыс» хоккей клубының капитаны Найджел Доус Астанадан кетті. Хоккейші Таиланд еліне екі апталық демалысқа аттанып барады. Демалысы аяқталғаннан кейін кейін Астанаға қайта оралып, клуб басшылығымен жаңа шарт бойынша келіссөз жүргізеді.

Осы маусымда Найджел Доус ҚХЛ-де 46 ойынға қатысып 55 (35 + 20) ұпай жинады. Бірақ, Қазақстан ұлттық құрамасының кеңейтілген тізіміне енбей қалды. Құраманың бас бапкері Ғалым Мамбеталиевтің айтуынша, ол командалық ойыншы емес көрінеді.

Ал ұлттық құрама Наурыздың 15-інен бастап Венгрияда өтетін әлем чемпионатына дайындықты бастайды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер