Қазақстандық төрешілер халықаралық матчқа төрелік етеді

news-banner7
mobile-news-top

Фуркат Атажанов бастаған қазақстандық төрешілер бригадасы Австрия U-21 – Македония U-21 кездесуіне төрелік етеді, деп хабарлайды отандық басылымдар.

Анықтап айтар болсақ, жастар арасындағы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңі аясындағы матчтың жоғары деңгейде өтуін қазақстандық төрешілер қадағалайтын болады.

Австрияның Мария-Энцерсдорф қаласында өтетін ойында бас төрешінің қызметін Фуркат Атажанов атқарады. Оған Айдын Тасыбаев пен Сергей Калачёв көмектесетін болады. Ал қосалқы төреші қызметін Данияр Сахи атқарады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер