Патрик Твумаси «Жетісуға» қарсы кездесудің үздік ойыншысы атанды

news-banner7
mobile-news-top

«Астана» командасының жанкүйерлері клубтың әлеуметтік желідегі ресми парақшасында жүргізілген сауалнамаға дауыс беріп , «Жетісуға» (0:2) қарсы кездесудің үздік ойыншысын анықтады, деп хабарлайды клубтың баспасөз қызметі.

Дауыс беру қорытындысы бойынша, аталмыш кездесуде елордалық команданың алғашқы голын соққан Патрик Твумаси үздік атанды. Ганалық шабуылшыға жанкүйерлердің 42,6%-ы дауыс берген.

Екінші орында Марин Томасов. Хорватялық ойыншы кездесуде екінші голдың соғылуына өз үлесін қосқан болатын. Оның еншісінде 22,7% дауыс бар.

Ал үздік үштікті команда капитаны Ненад Эрич түйіндеді. Елордалық команда қақпашысы маусымның алғашқы екі турында өз қақпасын құрғақ сақтап келеді.

Дауыс беру қорытындысы:

1) Патрик Твумаси 42,6%;

2) Марин Томасов 22,7%;

3) Ненад Эрич 12,2%;

4) Дмитрий Шомко 6,4%;

5) Алексей Щеткин 5,7%.

Дауыс беруге жалпы саны 3384 адам қатысты

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер