Just Wrestling
Күрес

Жас балуандарымыз Ақтөбеде бас қосады

Жас балуандарымыз Ақтөбеде бас қосады
news-banner7
mobile-news-top

2018 жылдың 21-24 наурыз аралығында Ақтөбе қаласында «Жекпе-жек» спорт сарайында еркін және әйелдер күресінен 1998 – 2000 ж.т. жастар арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтеді.

Жарыстың салтанатты ашылу рәсімі 22 наурыз күні сағат 15.00-де басталады. Аталмыш республикалық жарыс еркін және әйелдер арасындағы күрестің беделін кеңейтіп, спортшыларды шыңдау мақсатында жыл сайын ұйымдастырлып келеді. Сонымен қатар, жастар арасындағы Әлем және Азия чемпионаттарына қатысу үшін Қазақстан құрамасының іріктеу жарыстарның бірі болып табылады.
Ел чемпионатына Қазақстанның барлық аймақтарынан кадеттер мен жастар арасындағы Қазақстан, Азия және Әлем чемпионаттарының жеңімпаздары мен жүлдегерлері қатысады деп күтілуде. Жарыс еркін және әйелдер күрестерінің 10 салмақ дәрежесі бойынша және UWW (Халықаралық күрес түрлері федерациясы) ережелеріне сәйкес өткізіледі.

Айтулы додаға құрметті қонақ ретінде еркін күрестен халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 2004 жылғы Афина Олимпиадасының чемпионы, бес дүркін әлем чемпионы, Қазақстан еркін күрес академиясының бас бапкері Қажымұрат Гацалов және әйелдер күресінен Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері, 3 дүркін Олимпиада ойындарының жүлдегері, Азия ойындарының жүлдегері, әлем чемпионаттарының бірнеше мәрте жүлдегері, бірнеше дүркін Азия чемпионы Гузель Манюрова қатысады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер