Қысқы

Қазақстан қысқы Олимпиада ойындарына үміткер болудан бас тартты 

news-banner7
mobile-news-top

Қазақстанның Ұлттық Олимпиада комитеті 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарын өткізуге өтініш беруден бас тартты, деп хабарлайды BNews.kz.

"Қазақстан Республикасының Ұлттық олимпиадалық комитетінің вице-президенті ретінде еліміз 2026 жылғы Олимпиада ойындарын өткізуге үміткер болмайтынын мәлімдеймін. Оның орнына келесі ойындарды өткізу мүмкіндігін қарастырамыз", - деп мәлімдеді ҚР ҰОК вице-президенті Андрей Крюков.

Бұған дейін Алматы Олимпиада 2022 ойындарын өткізуге өтініш берген. Халықаралық Олимпиада комитеті мүшелері арасында дауыс беру қорытындысы бойынша Олимпиаданы өткізу құқығын төрт дауыс артық жинап, Бейжің қаласы (Қытай) жеңіп алған.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер