Басқа

Жансель Дениз тхэквондо федерациясынан 8,7 млн теңге өндіріп алды

Жансель Дениз тхэквондо федерациясынан 8,7 млн теңге өндіріп алды
news-banner7
mobile-news-top
Танымал спортшы федерацияны сотқа беріп 24 млн теңге талап еткен. Алайда төреші келісімшарттың бұзылуын заңды деп шешіп талап етілген соманың бір бөлігін ғана төлеткізді.
Іс материалдары бойынша, 2015 жылы спортшы мен еліміздің тхэквондо федерациясы келісімшарт жасасқан. Дениз ұлттық құрама сапына алынып ел намысын қорғауға келісім берді. Жақсы нәтиже көрсеткен жағдайда оған ай сайын 3 мың доллардан төлену керек-тұғын.

Рио Олимпиадасындағы сәтсіздік үшін 2016 жылдың тамыз айында федерация Жансельмен келісімшартты бұзды.

Спортшы қыз келісімшарттың біржақты бұзылуын заңсыз деп тануды өтініп сотқа шағымданған.

Астанадағы Есіл аудандық соты спортшының арыз-шағымын құптап, федерацияны 8,7 млн теңге өтеуге міндеттеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер