Бокс

Кінәрат стейктен немесе такодан шығар - Сулейман допинг туралы

Кінәрат стейктен немесе такодан шығар - Сулейман допинг туралы
news-banner7
mobile-news-top
Бүкіләлемдік бокс кеңесінің (WBC) президенті мексикалық Маурисио Сулейман Forbes басылымына берген сұхбатында өз отандасы Сауль «Канело» Альварестің Геннадий Головкинмен өтетін екінші жекпе-жегі алдында допинг сынамасына қатысты пікір білдірді.

«Таза бокс» бағдарламасы өз жұмысын тиянақты атқарып жатыр. Бұл деңгейде спортшының командасы мұқият болу керек. Бірақ ол да адам екенін естен шығармайық. Сауль Мексикада көп болады, әр түрлі шараларға қатысады. Бәлкім, бір стейктен немесе бір такодан болуы мүмкін. Альваресті қорғаштамаймын. Бірақ дәл осы жағдайда салқынқандылық танытып, әділ болғанымыз дұрыс», - деді Сулейман.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер