Васильев: 2015 жылы «Ақтөбенің» бюджеті 22 миллион доллар болды

Васильев: 2015 жылы «Ақтөбенің» бюджеті 22 миллион доллар болды
news-banner7
mobile-news-top

«Ақтөбенің» бұрынғы бас директоры ресейлік Sportsbox.ru сайтына берген сұқбатында Қазақстандағы жұмысы туралы айтып берді.

«Мен қалада бір жыл жұмыс істедім, яғни, ол жақта жат адам емеспін. Былай дейін: 2015 жылы «Ақтөбенің» бюджеті 22 миллион доллар болды. Бірақ басшылық мұндай ақшаға сай болмады. Ал 2016 жылы біз 4 миллион доллар жұмсадық. Қалған ақша қайда кетті? Қалада жолдар мен инфрақұрылымды жөндеуге. Бұл менің арқамда емес, бірақ мұның бәрі клуб аз ақша жұмсағанына байланысты болды», - деді Дмитрий Васильев.

Сондай-ақ, Васильевтің айтуынша, ол «Ақтөбенің» бас директоры ретінде айына 10 500 доллар жалақы алып отырған.

Сонымен қатар, маман «Ақтөбе» жанкүйерлеріне уәде беріп, бірақ сол сөзінде тұрмағанына қатысты пікірін білдірді.

«Ақтөбе» 2016 жылы Еуропа лигасының бірінші кезеңінде венгриялық МТК-ден ұшып кетсе, Васильев қызметінен кетемін деп уәде берген. «Ақтөбе» ұшып кетті, бірақ ол қызметінде қала берді.

«Біз венгриялықтардан өте алмай қалдық, Ақтөбеге келген соң арыз жазғанмын. Оны Махановқа бердім, ол бейшара қазір түрмеде отыр. Маханов губернатордың (әкім – Авт.) орынбасарына берген. Орынбасары «Кімнің қайда кететінін ол шешпейді. Оған тапсырма берілді, соны орындасын. Оған венгрлерден өтіңдер деп тапсырма берілген жоқ» деп жауап беріпті. Болды. Арызымды өзіме қайтып берді. Менің не істеуім керек еді? Арым таза», - деді Васильев.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер