Қысқы

Колядин 2022 жылы Бейжіңде өтетін Паралимпиада ойындарына қатыспақ

news-banner7
mobile-news-top

Келесі қысқы Паралимпиада ойындары 2022 жылы Бейжіңде өтеді.

Қытай астанасындағы сайысқа Пхенчхан ойындарының чемпионы Александр Колядин қатысуға ниет танытты. Бұл туралы 24-арнаның Кореяда жүрген тілшісіне хабарлады.

Пхенчхандағы паралимпиада еліміз үшін жемісті болды. Александр Колядиннің алтыны мен Александр Герлицтің 4-орын алуының арқасында Қазақстан осы спорт түрінен әлемдегі ең күшті ондықтың қатарына қосылды. Колядин – құрамамыздағы ең жасы үлкен спортшы. Қостанай облысының Сарыкөл ауылында дүниеге келген жерлесіміз қазір 45-те. 1998 жылы жол апатына ұшырап, аяғынан айырылған. Паралимпиада спортына 5 жыл бұрын келді. Жас кезінде Александр шаңғы спорты бойынша Кеңес Одағының жасөспірімдер құрамасы сапында болған.

– Сарыкөлдегі шешеме, дос-жарандарыма сәлем. Жарыста барлық күшімді салдым. Ел намысын абыроймен қорғап шықтым. Алтынмен ораламын. Күтіңіздер. Мені қолдағандарыңыз үшін көп рақмет!, - деді Александр Колядин.

Александр 2022 жылы өтетін Бейжіңдегі Паралимпиада ойындарына қатысуға ниетті. Александр Колядин ол кезде 49 жаста болады екен.

Түпнұсқасы: 24.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер