Қысқы

Дмитрий Рейхерд - могулдан Әлем кубогының күміс жүлдегері

news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық фристайлшы өз мансабында тұңғыш рет могулдан Әлем кубогының жалпы есебінде үздік үштікке ілінді.

Дмитрий Рейхерд могулдан Әлем кубогының қорындытысы бойынша 585 ұпаймен күміс жүлдегер атанды. Алтын медаль канадалық Микаэль Кингсберридің еншісінде – 940 ұпай. Үздік үштікті жапониялық Икума Хоришима қорытындылады (441 ұпай). Тағы бір отандасымыз Павел Колмаков 153 ұпаймен 15-ші орынға тұрақтады.

Әйелдер рейтингісінде Пхенчхан Олимпиадасының қола жүлдегері Юлия Галышева (420 ұпай) алтыншы сатыда жайғасты. Бірінші орында франциялық Перрин Ляфонт – 607.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер