SoccerMan

«Астана» Деспотовичті бір миллион еуроға сатты

«Астана» Деспотовичті бір миллион еуроға сатты
news-banner7
mobile-news-top

«Лос-Анджелес Гэлакси» «Астанаға» Джордже Деспотович үшін бір миллион еуро төледі.

Сербиялық MONDO басылымының хабарлауынша, 26 жастағы серб осы сенбіде медициналық тексерістен өтіп, Қазақстандағы үш маусымынан соң Калифорнияға аттанды. АҚШ-та ол екіжылдық келісімшартқа отырады.

MLS чемпионаты басталып кеткен, Деспотовичтің жаңа клубы бір ойында жеңсе, біреуінде жеңіліп қалды.

Енді сербиялық шабуылшы Америкада танымал футболшылармен бір командада ойнайды. Олардың ішінде ағайынды Дос Сантостар және лондондық «Челсиде» ойнаған Эшли Коул бар.

Айта кетейік, Деспотович өз елінде «Црвена Звезда» мен «Спартакта», ал Қазақстанда «Астанадан» бөлек «Қайрат», «Жетісу» және «Тобылда» ойнады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер