Қазақстан кубогы. Бүгінгі матчтар тең аяқталды

news-banner7
mobile-news-top

Бүгін футболдан Қазақстан кубогы алғашқы кезеңінің кезекті матчтары өтті.

В тобындағы матчта «Мақтаарал» өз алаңында ЦСКА-ны қабылдаған. Кездесу 1:1 есебімен аяқталды.

«Мақтаарал» - ЦСКА – 1:1 (0:0)

Голдар: Бегалин 59 (1:0) – Әлім 65 (1:1)

Ал «Қыран» мен «Каспий» екеулеп жүріп алты гол соғып тастады. «Қыран» 86-минутта есепті 3:1 қылғанда, ойын тағдыры шешілгендей көрінген. Алайда соңғы минуттарда «Каспий» екі гол соғып, таразы басын теңестіріп тастады.

«Қыран» - «Каспий» - 3:3 (1:0)

Голдар: Седельников 10 (1:0), Исмаилов 60 (2:0), Фильчаков 86 (3:1) – Узденов 66 (2:1), 89 (3:2), Елемесов 90+2 (3:3)

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер