Бокс

Шарипова Альварестің допинг-сынамасына қатысты пікірін білдірді

news-banner7
mobile-news-top

Әйелдер арасында бокстан әлем чемпионы Фируза Шарипова Сауль Альварестің допинг дауына қатысты пікір білдірген, деп хабарлады спортшының баспасөз қызметі.

«Мұндай деңгейде кездейсоқтық болмайды. Кәсіби боксшы ретінде нені жеуге болатынын, дауға қалмау үшін қандай дәрілер қабылдау керектігін жақсы білемін. Жаттығу процесі кезінде, айқастың алдында кенеттен ауырып қалсам, Спорттық медицина клиникасына барып, мамандармен кеңесемін. Бұл менің тамақтануыма да қатысты», - деп атап өтті спортшы.

«Канелоның» допинг-сынамасының оң нәтиже беруі абыройына нұқсан келтірді. Егер ол жеңіске жетсе, бұл - таза жеңіс болмайды», - деді Фируза Шарипова.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер