Әлем футболы

Леонель Месси жаңа рекорд орнатты

news-banner7
mobile-news-top

Каталониялық «Барселона» Испания біріншілігінің 29-турында бильбаолық «Атлетик» клубын жеңді.

Барселонаның «Камп Ноу» стадионында өткен ойын 2:0 есебімен алаң қожайындарының пайдасына аяқталды. Голдарды Пако Алькасер (8-минут) және Лионель Месси (30-минут) соқты. Бұл аргентиналық шабуылшы үшін биылғы маусымдағы 25-голы болды. Осылайша ол Испания біріншілігінде тоғыз маусымда қатарынан 25 гол соққан жалғыз футболшы атанды. Ал мадридтік «Реалдың» шабуылшысы Криштиану Роналду Испания біріншілігінде 8 маусым қатарынан гол соғып, биыл Мессидің рекордтын қайталауы мүмкін. Қазіргі уақытта португалиялық шабуылшының еншісінде 18 гол бар. Үшінші орында «Реалдың» бұрынғы шабуылшысы Уго Санчес орналасқан. Ол қатарынан төрт маусымда 25 голдан соққан. Биылғы маусымда әлі жеңілістің кермек дәмін татпаған «Барселона» Испания біріншілігінде 75 ұпаймен бірінші орында келеді. Эрнесто Вальверденің шәкірттрі екінші орында тұрған «Атлетико» клубынан 11 ұпайға озып кетті.

Түпнұсқасы: 24.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер