Әлем футболы

Бастиан Швайнштайгер әке атанды

news-banner7
mobile-news-top

Немістің танымал футболшысы Бастиан Швайнштайгер мен бұрынғы теннисші Ана Иванович ұлды болды, деп жазады 24.kz телеарнасы

Қуанышты жаңалықты Сербияның Blic сайты хабарлады. БАҚ мәліметіне сәйкес, спортшылар тұңғышының есімін Лука деп қойған. Осыдан соң Ивановичтің өзі де ақпаратты растап әлеуметтік желіде жанкүйерлерінен сүйінші сұрады.

– Жарық дүниеге қош келдің, біздің кішкентай ғана ұлымыз! Бақыт пен қуанышымды жеткізетін сөз таба алмай отырмын! – деп жазды Иванович.

Швайнштайгер мен Иванович 2016 жылы Италияда үйлену тойын өткізген болатын


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер