Бокс

Сергей Ковалевтің кезекті жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды

news-banner7
mobile-news-top

Жартылай ауыр салмақтағы WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы, ресейлік Сергей Ковалевтың кезекті жекпе-жегінің уақыты анықталды, деп хабарлайды Qsport.kz сайты.

Ресейлік былғары қолғап шебері Сергей Ковалев келесі кездесуін америкалық боксшы Маркус Браунға қарсы өткізетін болды. Кездесу 23 маусым күні, Нью-Йорк қаласында өтеді деп жоспарлануда. Алайда қос тарап жекпе-жектің нақты уақытын белгілеген жоқ.

Айта кетейік, Сергей Ковалев соңғы жекпе-жегінде Игор Михалкинді нокаутпен ұтқан болатын. Ал Браун шаршы алаңда 21 жекпе-жек өткізіп, 16 кездесуін уақытынан бұрын аяқтаған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер