Болгария - Қазақстан кездесуінің төрешілері белгілі болды

news-banner7
mobile-news-top

26 наурызда Венгрияның фельчут қаласында өтетін Болгария мен Қазақстан құрамалары арасындағы жолдастық кездесудің бас төрешісі белгілі болды, деп хабарлайды отандық басылымдар.

Хабарламада айтылуынша, ойынның бас қазысы венгриялық Томаш Богнар болады. Оған өз отандастары Болаш Бузаш пен Теодор Георги көмектеседі. Ал қосалқы төреші қызметін Ференц Карако атқарады.

Естеріңізде болса, дәл осы төрешілер бригадасы Лиссабонда өткен «Спортинг» - «Астана» (3:3) кездесуінде жұмыс істеген еді. Бірақ, ол кезде қосалқы төреші Петер Кобор болған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер