Теннис

Михаил Кукушкин әлемдік рейтингіде алты саты жоғарлады

news-banner7
mobile-news-top

Кәсіпқой теннисшілер қауымдастығының (ATP) жаңа рейтингі жарияланды.

Көш басында швейцариялық Роджер Федерер тұр. Федерер жақында ғана бірінші орынға қайта оралған болатын. Ал испаниялық Рафаэль Надаль екінші сатыны иеленіп тұр. Үздік үшінші орын хорватиялық Марин Чиличтің еншісінде.

Кеше ғана АҚШ-тың Ирвинг қаласында өткен «Челленджер» сериясын жеңген Михаил Кукушкин алты саты жоғарлап, 83-ші орынға тұрақтады.

ТОП-100 қатарына енген жалғыз қазақстандық теннисші Кукушкин ғана. Осы межеге ең жақын тағы бір отандасымыз Александр Бублик екі орын төменге сырғып, 154-ші қатардан көрінді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер