«Астана» командасы қысқа мерзімді демалысқа шықты

news-banner7
mobile-news-top

«Астана» сырт алаңда «Жетісуді» жеңгеннен кейін (0:2), елордалық команда ойыншылары FIFA терезесіне байланысты қысқа мерзімді демалыс алды, деп хабарлайды клубтың ресми сайты.

Енді команда 23 наурыз күні жиналады. Еске сала кетейік, «Астана» командасының біршама ойыншылары өз ұлттық құрамаларына аттанды. Негізгі құрам сапынан 11 ойыншы – қақпашылар Ненад Эрич пен Александр Мокин, қорғаушылар Евгений Постников, Дмитрий Шомко, Сергей Малый, Абзал Бейсебеков, жартылай қорғаушылар Серікжан Мужиков, Бактиер Зайнутдинов, Юрий Перцух, және шабуылшылар Роман Муртазаев пен Алексей Щеткин Қазақстан құрамасы сапына шақыртылды. Еліміздің басты командасы Венгрия және Болгария құрамаларына қарсы екі жолдастық кездесу өткізеді. Бұл тізімде алғашында елордалық команда қорғаушысы Юрий Логвиненко да болған. Алайда, орталық қорғаушы жарақатына байланысты құраманың ОЖЖ-на қатыса алмайды.

Жоғарыдағы ойыншалардан бөлек, қорғаушы Игорь Шитов (Беларусь), жартылай қорғаушылар Иван Маевский (Беларусь) мен Ласло Кляйнхайслер (Венгрия) өз ұлттық құрамаларына шақырту алды. Және де 19 жасқа дейінгі жасөспірімдерден құралған Қазақстан құрамасына елордалық команданың жас шабуылшысы Владислав Прокопенко да шақырту алды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер