Ресейлік футбол маманы Сейдахмет жайлы пікір білдірді

news-banner7
mobile-news-top

Танымал футбол агенті Дмитрий Селюк қазақстандық жас шабуылшы Еркебұлан Сейдахметтің ресейлік «Уфаға» ауысуы туралы пікір білдірді, деп жазады prosports.kz сайты sport-express.ru-ға сілтеме жасап.

Футбол маманы бұл әңгімені «Спорт Экспресстің» журналисімен «Спартактың» ойыншысы Луис Адриано жайлы сұқбаттасып отырғанда айтқан. Ол «Уфа» командасының жас ойыншылармен жұмыс жасау бағытын жоғары бағалады.

- Мен Луисті жаман футболшы демеймін. Ол тактикалық және техникалық қабілеті жағынан Марковқа қарағанда мықты екені сөзсіз. Бірақ, жас орыс футболшысы бразилиялықтан көп гол соқты. Ал ол жігіттің жалақысы Адрианодан 10 есе аз. Мысалға, маған «Уфа» командасының бағыты ұнайды. Олар 18 жасар Сейдахметты қатарларына қосты. Олар бұл футболшыны алдағы уақытқа құрған үлкен мақсаттары үшін сатып алды, - деді Селюк.

Естеріңізде болса, Еркебұлан «Уфаның» Ресей Премьер лигасы аясындағы үш ойынына шақырту алды. Әрі «Анжиге» қарсы матчта алаңға шықты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер