Әлем футболы

Месси тағы бір рекорд орнатты

news-banner7
mobile-news-top

«Барселона» мен «Атлетик» арасындағы матчта каталониялық клубтың ойыншысы Лионель Месси рекорд орнатты.

Аргентиналық форвард матчтың 30-минутында гол соққан. Осылайша, ол осы маусымда Ла Лигада 25-ші рет қанжығасын майлап отыр. Месси Испания чемпионатында қатарынан тоғыз маусым бойы 25 гол соға алған алғашқы футболшы атанды.

Мадридтік «Реалдың» шабуылшысы Криштиану Роналду қатарынан сегіз маусымда 25 гол соққан. Ал биыл оның еншісінде 18 гол бар. Демек, маусым соңына дейін Роналду да Мессидің осы рекордын қайталауы мүмкін.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер