Футзал

Ресми: «Қайраттың» бас бапкері анықталды

Ресми: «Қайраттың» бас бапкері анықталды
news-banner7
mobile-news-top

«Қайрат» футзал клубын енді кім жаттықтыратыны белгілі болды. Бұл туралы клубтың баспасөз-қызметі жазды.

18 наурызда өткен жалпыкомандалық жиында клуб президенті Қайрат Оразбеков бас бапкер Какаумен келісімшарттың 2017/18 жылғы маусымнан соң аяқталатынын мәлімдеді.

Какау кеткен соң оның орнына басқа бразилиялық маман Кака келеді. Ол бүгінде ресейлік «Газпром-Югра» командасын жаттықтырып жүр. Кака да маусым соңында ресейлік клубтан кетпек.

Естеріңізге салсақ, Какау «Қайратты» 2013 жылдан бері жаттықтырған. Осы бес жылдың ішінде ол екі рет УЕФА кубогын, Әлем Суперкубогын, үш рет Қазақстан Суперкубогын, төрт мәрте Еременко кубогын, бес рет Қазақстан кубогын ұтып алды. Сондай-ақ, бес мәрте ел чемпионы атанды.

Кака «Қайраттың» бас бапкері ретінде ресми түрде наурыздың аяғында таныстырылады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер