«Ақтөбе» облыс әкімінің орынбасарымен кездесті 

news-banner7
mobile-news-top

Бүгін, 18 наурыз күні, «Ақтөбе» ФК баспасөз-орталығында Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Ербол Нұрғалиев команданың биылғы маусымның алғашқы екі ойынына қатысқан футболшылары мен бапкерлік штабымен кездесті. Сонымен қатар, кездесуге Ақтөбе облыстық дене шынықтыру және спорт Басқармасының басшысы Нұрлыбек Жүсіпов та қатысты.

Жуырда «Ақтөбе» ФК директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланған Ербол Нұрғалиев сөз басында ойыншыларды чемпионаттың алғашқы турларында жақсы өнер көрсетулерімен құттықтады. Команданың бір жағадан бас шығаруы, әрбір футболшының ықыласы, осынау қиын-қыстау кезеңде жеңіске деген жігері аталып өтілді. Нұрғалиев Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың «ақ-қызылдардың» осы екі ойынын жіті қадағалағанын жеткізді.

Отырыс барысында «Ақтөбе» U21 командасының бас бапкері Валерий Алемаскин, футболшылар Бағдат Қайыров пен Сырым Әділжанов өз пікірлерімен бөлісті.

Ербол Жолдаспекұлы төл шәкірттерді тәрбиелеп өсіргісі келетіндігін баса айтты. Басты мақсат – болашақта негізгі команда сапында мейлінше жергілікті футбол мектебі тәрбиеленушілерінің ойнауы.

Жиналыс соңында клубтың директорлар кеңесінің төрағасы командаға сәттілік тілей отыра, ойыншылар үшін барлық жағдайлар жасалына беретіндігін айтты.

Түпнұсқасы: «Ақтөбе» ФК баспасөз-қызметі Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер