Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншылары мен бапкерлері футбол үйін аралады

news-banner7
mobile-news-top

Бүгін Астанада Станимир Стоиловтың жетекшілігімен футболдан Қазақстан Ұлттық құрамасының оқу-жаттығу жиыны басталды, деп жазады футбол федерациясының ресми сайты.

Ұлттық құраманың ойыншылары мен жаттықтырушылары алғашқы жаттығудың алдында Қазақстан футбол федерациясының Бас хатшысы Азамат Айтқожинмен бірге Астанада салынып жатқан Футбол үйін аралап, құрылыс жұмыстарымен танысты.

Айта кетейік, ертең Қазақстан құрамасы Будапешт қаласына жол тартады. Қазақстан құрамасы 23 наурыз күні Венгриямен, 26 наурыз күні Болгариямен жолдастық матч өткізеді.


Фото: ҚФФ баспасөз қызметі

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер