Михаил Кукушкин АҚШ-тағы турнирдің финалына шықты
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңызҚазақстандық теннисші Михаил Кукушкин (89) АҚШ-тың Ирвинг (Техас штаты) қаласында өтіп жатқан «Челленджердің» финалына жолдама алды.
Жарыстың жартылай финалында отандасымыз америкалық Стив Джонсоннан (52) басым түсті - 6:4, 7:6.
Енді финалда Михаил италиялық Маттео Берреттинимен (108) күш сынасады. Финалдық кездесу бүгін Астана уақытымен сағат 00:30-да басталады.