Теннис

Михаил Кукушкин АҚШ-тағы турнирдің финалына шықты

news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин (89) АҚШ-тың Ирвинг (Техас штаты) қаласында өтіп жатқан «Челленджердің» финалына жолдама алды.

Жарыстың жартылай финалында отандасымыз америкалық Стив Джонсоннан (52) басым түсті - 6:4, 7:6.

Енді финалда Михаил италиялық Маттео Берреттинимен (108) күш сынасады. Финалдық кездесу бүгін Астана уақытымен сағат 00:30-да басталады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер