Қуаныш Бегалин «Мақтаарал» командасына ауысты

news-banner7
mobile-news-top

Шабуылшы Қуаныш Бегалин мен жартылай қорғаушы Роман Павинич «Мақтааралмен» келісімшартқа қол қойды, деп хабарлайды отандық басылымдар.

Екібастұз футболының 25 жастағы тәрбиеленушісі Қуаныш Бегалин өткен маусымды өзінің туған командасында өткізіп, 23 кездесуде 8 гол соққан болатын.

Ал 26 жастағы Роман Павинич өткен маусымды петропавлдық «Қызыл-Жар» сапында өткізді. 14 ойынға қатысып, 1 гол соқты. Әрі командасының Премьер лигаға шығуына өз көмегін тигізді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер