Велоспорт

Риккардо Минали «Тур Лангкави» көпкүндігінің бірінші кезеңінде 5-ші болып келді

news-banner7
mobile-news-top

Малайзияда өтіп жатқан «Тур Лангкави» көпкүндігінің бірінші кезеңі аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Аталған жарыста «Астана» велокомандасының шабандоздары арасынан үздік нәтижені Риккардо Минали көрсетті. Италиялық шабандоз 5-ші болып мәре сызығын кесті.

Ал Кангардан Кулимға дейінгі 147.9 шақырым қашықтықты бірінші болып бағындырған «Астананың» бұрынғы шабандозы Андреа Гуардини болды. Андреа бүгінде өз елінің (Италия) Bardiani-CSF командасының намысын қорғайды.

«Тур Лангкави». Бірінші кезең
Кангар — Кулим. 147.9 шақырым

1. Андреа Гвардини (Италия, «Bardiani-CSF») — 3:29:04
2. Сун Йонг Квон (Оңтүстік Корея, «Kspo Bianchi Asia Procycling»)
3. Мексеб Дебесай (Эритрея, «Dimension Data»)

5. Рикардо Минали (Италия, «Астана»)
47. Артем Захаров (Қазақстан, «Астана»)
53. Евгений Гидич (Қазақстан, «Астана»)
55. Руслан Тлеубаев (Қазақстан, «Астана»)
71. Бахтияр Қожатаев (Қазақстан, «Астана»)
117. Даниил Фоминых (Қазақстан, «Астана»).


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер