Күрес

Әсет Серікбаев: Азия ойындарында үш жүлде жеңіп алуды жоспарлап отырмыз

Әсет Серікбаев: Азия ойындарында үш жүлде жеңіп алуды жоспарлап отырмыз
news-banner7
mobile-news-top

Еркін күрестен Қазақстан құрамасының бас бапкері Әсет Серікбаев Ұлттық Олимпиада комитетінің баспасөз-қызметіне Бішкекте өткен Азия біріншілігі мен команданың алдағы жоспарлары туралы айтып берді.

- Бішкекте өткен Азия чемпионатына көңіліңіз толды ма?

- Иә, көңілім толды. Екі алтын, бір күміс және төрт қола медаль алдық. Жалпыкомандалық есепте Өзбекстан мен Иран құрамасынан кейін үшінші орында тұрақтадық. Жалпы балуандарымыз жақсы өнер көрсетті. Бұл біздің ғана пікір емес, жарысқа келген жанкүйерлер де солай айтып жатыр.

- Жалпы жарыс алдында қандай мақсат қойылды?

- Мақсат – алтын алу болған. Бұл жоспарымызды толықтай орындадық деп ойлаймын.

- Жақында АҚШ-та еркін күрестен Әлем кубогы өтеді екен. Бұған дайындық қалай өтіп жатыр?

- Алексеевкадағы бокс кешенінде дайындалудамыз. Осы айдың 27-не дейін сонда боламыз. Мамыр айының басында Қазақстан чемпионаты жоспарлануда, сол себепті АҚШ-қа екінші-үшінші нөмерлі, жас балуандарымыз барады. Себебі биылғы маусымда басты мақсатымыз – Азия ойындары. Аталмыш додаға қатысатын спортшыларымыз ел чемпионатынан кейін анықталады.

- Азия ойындары демекші, қанша медаль алуды жоспарлап отырсыздар?

- Жоспар бойынша үш медаль. Алланың қалауымен, бұл мақсатты орындауға тырысамыз.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер