Қысқы

Қазақстан Паралимпиада ойындарын бір алтынмен аяқтады

Қазақстан Паралимпиада ойындарын бір алтынмен аяқтады
news-banner7
mobile-news-top

Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында өткен қысқы Паралимпиада ойындары соңына жетті, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Қазақстан құрамасы Паралимпиада ойындарын 20-шы орында аяқтады. Бұл орынды біздің спортшылар Қытай құрамасымен бөлісті. Қос құраманың қоржынында бір алтыннан бар.

Айта кетейік, шаңғышы Александр Колядин 1,5 шақырымға классикалық жүріс спринтінде қарсылас шақ келтірмей, алтыннан алқа тағынған болатын.

Жалпы есепте көшбасына АҚШ құрамасы шықты. Америкалық спортшылар 36 жүлдені (13 алтын, 15 күміс, 8 қола) жеңіп алған. Екінші орында Ресей спортшылары — 34 (8-10-16). Үздік үштікті канадалық спортшылар түйіндеді. Олардың қоржынында 28 жүлде (8-4-16) бар.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер