Қысқы

Шаңғы эстафетасы: Қазақстандық паралимпиадашылар алтыншы орын алды

news-banner7
mobile-news-top

Қазақстанның паралимпиада құрамасы шаңғы эстафетасында алтыншы орынға табан тіреді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Паралимпиаданың қызған тұсында танымал үштік - Александр Колядин, Денис Петренко мен Александр Герлиц 4х2,5 шақырымдық эстафетада Қазақстан құрамасына алтыншы орынды тарту етті. Бұл - финалдық сайыс болатын. Ендігі кезекте, жабылу салтанатына қатысып, одан кейін қайту үшін жүгімізді дайындап отырмыз. Ертең үйге қайтамыз. Бізге қолдау білдіріп, жеңісімізге бірге қуанған баршаларыңызға алғысымыз шексіз. Қазақстанның Туын өзге мемлекеттердің Туынан жоғарыға шығарып, көздегі жас, көңілдегі шаттықпен әнұран айтуға мүмкіндік берген спортшыларға көп рахмет айтқымыз келеді. Біз көздеген жетістікке жеттік», - деді өзінің Instagram парақшасында Ұлттық паралимпиада комитетінің атқарушы директоры Ерлан Сүлейменов.

Еске сала кетсек, қысқы Паралимпиада ойындары - 2018 сайысында қазақстандық Александр Колядин алтын медаль алған болатын. Бұл жеңіс - қысқы Паралимпиада ойындарындағы Қазақстанның тұңғыш ең үлкен жеңісі ретінде тіркеліп отыр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер