Ардақ Сәулет «Ертіспен» өткен ойынды қорытындылады 

news-banner7
mobile-news-top

«Ақтөбенің» ойыншысы Ардақ Сәулет павлодарлықтар «Ертіспен» өткен ойынды қорытындылады, деп хабарлайды клубтың баспасөз қызметі.

- «Қайсармен» өткен алғашқы ойында біз жеңе алғанымызбен, алаң иелері басым ойнаған еді. Кей сәттерде сәттілік жолдас болды. Ал бүгінгі ойында біз сенімдірек ойнадық, допты ұстап жүре алдық. Өз-өзімізге сенім келе бастады. Қарсылас айып алаңында қауіпті шабуылдар ұйымдастыр алдық. Біз дұрыс бағытта келе жатырмыз деп ойлаймын. Бізге сенген, бізді қолдаған барлық жанкүйерлерге алғыс білдіргім келеді. Біз оң нәтиже көрсетіп, оларды ойынымызбен қуантып жүруге тырысатын боламыз, - деді Ардақ Сәулет.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер