Жеңіл атлетика

Даниал Ахметов: Жеңіл атлетиканы бірнеше негізгі бағытта дамыту қажет

news-banner7
mobile-news-top

Астанада Қазақстан жеңіл атлетика федерациясының жаңа президенті сайланды. Еліміздегі «Спорт падишасының» №1 басшысы қызметін енді Даниал Ахметов атқаратын болады. Кезектен тыс өткен конференцияда Даниал Кенжетайұлы отандық жеңіл атлетиканы қандай бағытта дамыту қажеттілігіне тоқталып өтті.

– Біз бірнеше негізгі бағытта әрекет етуіміз қажет. Инфрақұрылым мәселесін реттеуіміз керек. Алдымен жеңіл атлетикаға бейімі бар өңірлерден бастайтын боламыз. Екінші маңызды мәселе – резервті дайындау. Еліміздің әрбір облысының әкімдерімен кездесіп, мамандандырылған жеңіл атлетика бөлімшелерін немесе спорт мектептерін ашу жайлы мәселені көтеремін. Өйткені, балалар спорты дамымаса, болашағымыз туралы айтудың түкке қажеті жоқ. Ал спорттағы жоғары жетістіктерге келетін болсақ, былтырғы жылы Шығыс Қазақстан облысында Altay Athletics кәсіби клубы құрылды. Жақсы қаржылық қолдаудың арқасында спортшыларға барлық жағдай жасалып отыр. Бұл – элиталық клуб. Ал ұлттық құраманы қатаң критерийлер негізінде жасақтаймыз. Штаттық команданың базасы ретінде екінші құраманы жас спортшылардан жинақтаймыз. Олар құрама лидерлерінің резерві болады. Сондай-ақ бапкерлердің біліктілігі де аса мааңызды. Кез келген талант жоғары деңгейлі жаттықтырушы болмаса, өзің жоғалтып алуы әбден мүмкін, – Даниал Ахметов.

Сондай-ақ конференцияда ҚР жеңіл атлетика федерациясы Атқару комитетінің жаңа мүшелері бекітіліп, Әділбек Жақсыбеков Атқару комитетінің құрамына енді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер