Бокс

«Канелоның» допинг сынамалары таза болып шықты

«Канелоның» допинг сынамалары таза болып шықты
news-banner7
mobile-news-top

Мексикалық боксшы Сауль Альварес «Канело» допинг дауына ілінгеннен кейін осы айда 3 рет допинг сынамасын тапсырды. Боксшының 3 сынамасы да таза болып шықты.

Бұл туралы BoxingScene порталына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Порталдың мәліметінше, «Канело» 2,5 және 9 наурызда тапсырған 3 допинг сынамасынан тыйым салынған препараттар табылмады.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Головкинмен айқасқа шығатын “Канелодан” допинг табылғаны хабарланған еді. Ал қарсыласының допинг қолданғанына қатысты пікір білдірген Головкин оның таза екенін дәлелдеуді талап етті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер