Алексей Щеткин: Өте маңызды жеңіске қол жеткіздік

news-banner7
mobile-news-top

«Астана» командасы Қазақстан Перемьер-Лигасының екінші туры аясында сырт алаңда «Жетісуға» қарсы ойнап, 0:2 есебімен басым түсті. Ойын соңында елордалық команданың осы кездесудегі екінші голын соққан Алексей Щеткин кездесу туралы өз пікірін білдірді:

- Біз өте маңызды жеңіске жеттік. Енді, алдағы үзіліске өте жақсы көңіл-күймен аттанып барамыз. Қазақстан ұлттық құрамасы сапына жақсы жігермен барып, Венгрия және Болгария құрамаларына қарсы екі жолдастық кездесу өткіземіз. Бүгінгі ойында гол соғып, команданың жеңісіне өз үлесімді қосқаныма қуаныштымын.

- Туған жеріңде өткен кездесуден алған әсерің қандай?

- Мен өзімнің туған қалама келгенде әрдайым қуанышта боламын. Ал өзіңнің тәлім алған командаңа қарсы ойнаған аса жақсы емес. Алайда, біз кәсіби футболшы болғандықтан, қандай қарсылас болмасын алаңға тек жеңіс үшін шығамыз.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер