Деспотович атақты Дэвид Бекхэм доп тепкен командаға ауысты

news-banner7
mobile-news-top

«Астананың» сербиялық шабуылшысы Джордже Деспотович жақын арада командадан кетіп, мұхит асып доп тебетін болады. Футболшыны америкалық клуб 1 миллион евро төлеп сатып алған.

Отандық басылымдар таратқан ақпаратқа сенсек, 26 жастағы футболшы АҚШ елінің MLS лигасына ауысқан көрінеді. Калифорния штатының намысын қорғайтын «Лос-Анджелес Гэлакси» командасы Деспотовичке үлкен сенім артып отыр.

Аталған команда жанкүйер қауымға атақты англиялық футболшы Дэвид Бекхэм доп тепкен кезде танылды. Англия құрамасының бұрынығы капитанынан бөлек калифорниялық командада Робби Кин, Стивен Джеррард, Найджел де Йонг, Лэндон Донован, Карло Кудичини қатарлы танымал футболшылар өнер көрсеткен. Ал бүгінде Англия құрамасының тағы бір ойыншысы Эшли Коул осы команданың намысын қорғап жүр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер