«Құпия» ақпарат

Деспотовичті «Лос-Анджелес Гэлакси» сатып алды

Деспотовичті «Лос-Анджелес Гэлакси» сатып алды
news-banner7
mobile-news-top

«Астананың» сербиялық шабуылшысы Джордже Деспотовичті америкалық клуб сатып алды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты Mondo.rs басылымына сілтеме жасап.

26 жастағы футболшы АҚШ елінің MLS лигасында ойнайтын «Лос-Анджелес Гэлакси» командасына ауысты. Америкалық клуб Джордже Деспотович үшін «Астанаға» 1 миллион евро төлеген. Футболшы екі жылдық келісімшартқа қол қойған. Енді сербиялық футболшы жақын арада командадан кетіп, мұхит асып доп тебеді.

Аталған команда жанкүйер қауымға атақты англиялық футболшы Дэвид Бекхэм доп тепкен кезде танылды. Англия құрамасының бұрынығы капитанынан бөлек калифорниялық командада Робби Кин, Стивен Джеррард, Найджел де Йонг, Лэндон Донован, Карло Кудичини қатарлы танымал футболшылар өнер көрсеткен. Ал бүгінде Англия құрамасының тағы бір ойыншысы Эшли Коул осы команданың намысын қорғап жүр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер