Футзал

«Қайраттың» бұрынғы ойыншысы мансабын аяқтады

news-banner7
mobile-news-top

Алматылық «Қайрат» футзал клубының бұрынғы қорғаушысы Нето мансабын аяқтады, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Ойыншының соңғы клубы бразилиялық «Магнус Футзал» командасы болды.

Естеріңізге сала кетейік, Нето «Қайрат» сапында 2016/17 жылғы маусымда өнер көрсетті. 2017 жылдың ақпан айында Нетоға ми ісігі диагнозы қойылды. Бірақ, футзалшы сәтті өткен операциядан кейін кәсіби спортқа қайта оралған болатын.

Нето 2012 жылы Бразилия құрамасы сапында футзалдан Әлем чемпионатының алтын жүлдесін жеңіп алды. Әрі өзі «Турнирдің үздік ойыншысы» атағын иеленді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер