Юрий Перцух: Бүгінгі кездесу біз үшін сәтті болды

news-banner7
mobile-news-top

«Астана» командасы Қазақстан Перемьер-Лигасының екінші туры аясында сырт алаңда «Жетісуға» қарсы ойнап, 0:2 есебімен басым түсті.

Ойын соңында елордалық команданың жартылай қорғаушысы Юрий Перцух клубтың баспасөз қызметіне кездесу туралы өз пікірін білдірді.

- Жалпы алғанда бүгінгі кездесу біз үшін сәтті болды. Біз Талдықорғанға жеңіс үшін келдік және сол мақсатымызға жеттік. Ойынды ұйымдастыру барысында бірнеше қателіктер жібердік. Алайда, өзімізге қажетті ұпайға қол жеткіздік.

- Бұл ҚПЛ аясындағы сіздің алғашқы ойыныңыз. Қандай әсердесіз?

- Бапкерлер құрамы маған сенім артып, негізгі құрамда алаңға шығарғанына қуаныштымын. Алдағы уақытта маған артылған сенімді ақтап, командаға өз көмегімді тигізетін боламын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер