Бокс

Арман Рысбек пен Бобыржан Момынов салмақ өлшеу рәсімінен өтті

news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық кәсіпқой боксшылар Арман Рысбек пен Бобыржан Момынов кезекті жекпе-жектерінің алдында ресми салмақ өлшеу рәсімінен өтті, деп хабарлайды Qsport.kz сайты.

Талантты кәсіпқой боксшылар Арман Рысбек пен Бобыржан Момынов Аргентина елінде өтетін жекпе-жектерінің алдында ресми салмақ өлшеу рәсімінен өтті. 66 келі салмақта жұдырықтасатын Момынов Карлос Андрес Чапарроға (7-21-1, 3КО) қарсы кездесу өткізсе, Арман Виктор Леонардомен жұдырықтасады.

Айта кетейік, Арман Рысбек кәсіпқой бокстағы дебюттік кездесуінде Ноэ Лазонаны нокаутпен ұтқан болатын. Ал Бобыржан кәсіпқой бокстағы 5-ші жекпе-жегін өткізеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер