Абат Айымбетов: Жеңістер әлі алда деп ойлаймын

news-banner7
mobile-news-top

«Ақтөбе» командасының шабуылшысы Абат Айымбетов «Ертіспен» өткен ойыннан соң клубтың баспасөз қызметіне матч жайлы пікірін білдірді.

-Тым жақсы ойнадық. Бірінші таймда алаң иелеріне қарағанда алаңда ширақ қимылдадық. Жақсы мүмкіндіктеріміз болды. Матч біз үшін сәтті басталды. Пенальтиге ие болып, гол соқтық. Екінші гол соғатын мүмкіндігіміз де болған. Бірақ, мен өз мүмкіндігімді дұрыс пайдалана алмадым. Өз командаластарыма бүгін алаңда жанын салып ойнағандары үшін алғыс айтамын. Тәжірибелі қарсыласқа есе жібердік. Бүгін біздің команда Қызылордада өткен матчқа қарағанда сенімдірек ойнады. Жеңістер әлі алда деп ойлаймын. Өз командама, өз жігіттеріме сенемін!

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер