Григорий Бабаян: Ойын тағдырын бірінші таймда шеше алдық

news-banner7
mobile-news-top

«Астана» командасы Қазақстан Премьер-Лигасының екінші туры аясында сырт алаңда талдықорғандық «Жетісуға» қарсы ойнап, 0:2 есебімен басым түсті. Ойын соңында елордалық команда бас бапкері Григорий Бабаян кездесу туралы өз пікірін білдірді, деп жазады клубтың ресми сайты.

- Ойын есебіндегі басымдылығымызға қарамастан, кездесу қиын болды. «Жетісу» командасы бірінші таймда да, екінші таймда да қорғанысқа баса назар аударды. Ойынның бірінші таймында қорғаныста аздап сәтсіз ойын көрсеттік. Алайда, матч тағдырын ойынның бірінші кезеңінде шеше алдық. Ал екінші таймда гол соғатын мүмкіндіктер болғанымен, оларды сәтті пайдалана алмадық. Дегенмен, 2:0 есебі ойынның қалай өрбігендігінің дәлелі деуге болады.

- Команданың алдағы маусымға құрған жоспары қандай?

- «Астана» - ол әр кезде өз алдына жоғары мақсат қоятын клуб. Биылғы мақсатымыз ел чемпионатында топ жарып, еурокубоктердің топтық кезеңіне жолдама алу. Алайда, дәл қазір ойыннан ойынға өз нәтижемізді арттыруымыз қажет.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер