«Ертіс» «Ақтөбемен» ойында үш ұпай еншіледі

«Ертіс» «Ақтөбемен» ойында үш ұпай еншіледі
news-banner7
mobile-news-top

Футболдан ҚПЛ-дың екінші турында павлодарлық «Ертіс» өз алаңында Қазақстанның бес дүркін чемпионы «Ақтөбені» қабылдады.

Бүгінгі күнге дейін екі клуб Қазақстан чемпионатында бес-бестен он рет топ жарған. Алайда, қазіргі уақытта қос клубтың алдына қойған мақсаттары өзге. Алаң қожайындарының көздегені үздік үштік болса, «Ақтөбе» бұл туралы ойламайды да.

Ел біріншілігінің бірінші турында екі командад да жеңіске жеткен. Бүгінгі ойында ұтқаны көшбасшы командалар қатарына енетін еді. Бұл бақыт алаң қожайындарына бұйырды.

Дей тұрғанмен ойындағы алғашқы голды «Ақтөбе» ойыншысы Асланбек Какимов соққан. Кездесудің бірінші таймында Калинин соққан керемет гол таблода тең есепті тіркеді. Ал ойынның 35 минутында керекулік команда легионері Фуад Салами пенальтиден гол соғып өз командасын алға шығарды. Осы есеп ойынның соңына дейін өзгеріссіз қалды.

«Ертіс» – «Ақтөбе»- 2:1

Голдар: Илья Калинин 5 (1:1), Фуад Салами пенальтиден 16 (2:1) - Асланбек Какимов пенальтиден (0:1)

«Ертіс»: Никита Калмыков (Қ) - Сергей Кисляк, Рахимжан Розыбакиев, Адриан Аврамия, Руслан Есимов (К), Александр Кислицын - Адриан Гомес, Карлос Фонсека, Илья Калинин (Дмитрий Шмидт 84), Дору Попадюк (Эдди Эрнандес 62), Фуад Салами (Владимир Воменко 73)

«Ақтөбе»: Игорь Трофимец (Қ) - Абат Аймбетов (Әділхан Жұмай 30), Руслан Валиуллин, Багдат Каиров, Асланбек Какимов, Антон Шурыгин, Ардак Саулет, Саят Жұмағали, Әділхан Таңжарықов, Сырым Адильжанов, Рустам Темірхан.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер