русский язык
Футбол

ФИФА рейтингісі. Кипр мен Ауғанстаннан артта қалдық

ФИФА рейтингісі. Кипр мен Ауғанстаннан артта қалдық

Футболдан Қазақстанның Ұлттық құрамасы ФИФА рейтингісінде 2 сатыға төмендеді. Қазанның 17-і күні жаңарған тізімде еліміз 135-і орыннан көрінді.

Кипр (134-і) мен Ауғанстан (133-і) секілді ергежейлі мемлекеттер алдымызды орап кетті.

Әлім біріншілігіне іріктеу барысында қарсылас болған Германия құрамасы Аргентинаны үшінші орынға ығыстырды. Ал көш басында әдеттегіндей Испания тұр.

Жаңартылған ФИФА рейтингісі:
1 (1). Испания - 1513 ұпай,
2 (3). Германия - 1311,
3 (2). Аргентина - 1266,
4 (5). Колумбия - 1178,
5 (6). Бельгия - 1175,
6 (7). Уругвай - 1164,
7 (14). Швейцария - 1138,
8-9 (9). Нидерланды - 1136,
8-9 (4). Италия - 1136,
10 (17). Англия - 1080...
19 (15). Россия - 874...
135 (132). Қазақстан - 216.
 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;