Красножан: Қазақстанда клубтардың деңгейі легионерлерге байланысты

Красножан: Қазақстанда клубтардың деңгейі легионерлерге байланысты
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстан құрамасының бұрынғы бас бапкері Юрия Красножан біздің чемпионатымыз жайлы ойын айтты.

«Еурокубоктарға тұрақты түрде қатысып, тіпті, кейде сенсация жасап кететін «Астана» мен «Қайрат» бар. Сондай-ақ, ешкім естімеген «Ақжайық» пен «Ордабасы» секілді клубтар бар. Қазақстандық футболшыларға құрметім шексіз, бірақ ол жақта клубтардың деңгейі легионерлерге байланысты», - деді Красножан ресейлік басылымға берген сұқбатында.

Айта кетейік, ресейлік маман Қазақстан құрамасын 2014-2015 жылдар арасында жаттықтырған. Сол уақыт ішінде Қазақстанмен бірге 18 матч өткізіп, оның үшеуінде жеңіске жетті. Жеті матчта тең түсіп, қалған сегізінде жеңілген.

Юрий Красножан бүгінде Ресейдің екінші дивизионында «Химки» клубын жаттықтырады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер