«Астана» Кубокта кеткен есені қайтара ала ма?

news-banner7
mobile-news-top

Өткен жылы «Жетісу» командасы Бірінші Лигада өнер көрсеткендігіне қарамастан, «Астанамен» Қазақстан Кубогында жолдары түйіскен болатын.

Сол ойында «Астана» командасы бірқатар жас ойыншыларға сенім артып, алаңға шыққан еді. Ойын 2:1 есебімен талдықорғандықтардың пайдасына аяқталды. Кездесуде соғылған елордалық команданың жалғыз голының авторы Абзал Бейсебеков.

Енді, 17 наурыз күні Премьер-Лиганың 2-ші турында астаналықтарға сол жолы кеткен есені қайтаруға керемет мүмкіндік туып тұр. «Астана» және «Жетісу» командалары өзара 21 мәрте кездескен. 11 ойында елордалық команда жеңіске жетсе, 4 ойын тең аяқталып, 6 кездесуде талдықорғандықар басым түскен. Доп айырмасы 20:13.

Ал егер Талдықорғандағы кездесулер туралы айтар болсақ, «Астана» чемпионат аясындағы кездесулерде 2011 жылдан бері жеңілмей келе жатыр. Яғни, 2 рет жеңіске жетсе, 3 ойын тең аяқталған.

Ал екінші тур ойындары Астана уақытымен 15:00-де басталады. Ойынды ҚКФЛ-ТВ ютуб-арнасы тікелей эфирде көрсетеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер